Ливан Хезболласының Бас хатшысы: Сирия мен Палестина туралы сөз - Ливанның болашағы туралы айту
(last modified Sat, 11 Mar 2023 12:19:33 GMT )
Нау 11, 2023 18:19 Asia/Almaty
  • Ливан Хезболласының Бас хатшысы: Сирия мен Палестина туралы  сөз - Ливанның болашағы туралы айту

Сейед Хасан Насролла: «Сирия мен Палестинаның қазіргі және болашақтағы жағдайы туралы айту, шын мәнінде Ливанның қазіргі және болашақтағы жағдайы туралы айту болып табылады»,- деді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы күрескер қолбасшы қажы Асад Сағирді еске алу рәсімінде: «Сирия мен Палестина араб аймағының бір бөлігі болып табылады және біз көршілес екі ел алдында моральдық, ұлттық және діни жауапкершілігіміз бар. Егер ДАИШ Сирияға үстемдік еткен болса, қазір Ливандағы жағдай қандай болар еді?  Палестинада болып жатқанның бәрі Ливанның қауіпсіздігіне, егемендігіне, бүгіні мен болашағына әсер етеді»,- деп мәлімдеді. Сейед Хасан Насролла сөзінің жалғасында: «Кейбіреулер Иран Сирияға үстемдік етуге келді деген қауесетті таратуға тырысуда. Сирия мен оның үкіметі өздерінің толық егемендігі мен бостандығын сақтап, қалаған шешімдерін еркін қабылдайды. Сирияда Иран отарлаушы елдердің ұстанымына қосылмады. Сирия үкіметіне Дамаскті қорғауға және оның құлауының алдын алуға көмектесті»,- деп баса айтты.

Тегтер