Канани Чафи: Иран жетекші көзқарасы мен принципті саясаттар негізінде Йемен дағдарысын тек саяси жолмен шешуге болады деп санайды
(last modified Fri, 31 Mar 2023 13:23:59 GMT )
Нау 31, 2023 19:23 Asia/Almaty
  • Канани Чафи: Иран жетекші көзқарасы мен принципті саясаттар негізінде Йемен дағдарысын тек саяси жолмен шешуге болады деп санайды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран жетекші көзқарасы мен принципті саясаттар негізінде Йемен дағдарысын тек саяси жолмен шешуге болады деп санайды",-деді.

Насер Канани Йеменге қарсы соғыстың жылдығы және осы елдегі соңғы өзгерістерге тоқталып, бұл елді қоршауды толық жою керегін баса айтып, Йеменде жалпы атысты тоқтату бітімін орнатып, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарап, барлық йемендік топтардың қатысуымен саяси үдеріс қалыптастыру керегін айтып: "Иран өзінің принципті саясатына сәйкес ешқашан соғысты аймақтағы дағдарыстар мен қиыншылықтардың шешім жолы санаған емес, әрдайым мәселелердің диалог арқылы шешілуін баса айтып келеді",-деді.  

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран Йемендегі шындықтарды ескере отырып, осы елде бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату мақсатында әділ бітім жасалуы үшін өзінің бар әлеуетін пайдаланады. Осы ислам еліне тұрақтылық пен қауіпсіздік қайта орнап, тыныштық нығая түседі деп үміттенеді",-деді.  

Тегтер