Иран сионистік режимнің Сирияға шабуылын айыптады
(last modified Fri, 31 Mar 2023 14:47:55 GMT )
Нау 31, 2023 20:47 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің Сирияға шабуылын айыптады

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сионистік режимнің Дамаск пен оның айналасындағы кейбір орталықтарға шабуылын қатаң айыптады.

Насер Канани: "Мұндай шабуылдар сионистік режимнің ішкі дағдарыстарынан назарды бұру үшін жасалып жатыр және Израильдің  Сирия сыртқы саясатындағы кейінгі өзгерістерге наразы екенін білдіреді",-деді.   

Сионистік режимнің бомбалаушы ұшақтары жұма күні таңертең Дамаскта, соның ішінде Әл-Димас ауданында бірнеше объектіні бомбалады.

Сирия армиясының әуе-қорғаныс кешендері атылған бірнеше зымыранды анықтап, жойып жіберді.

Тегтер