Рухани: Иран әрдайым Палестина халқын қолдайды
ИИР Президенті Палестинаны басқыншыларға қарсы табандылықтың символы деп атады.
ИИР Президенті Хасан Рухани Теһранда Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдулламен кездесуінде Палестина халқының басқыншыларға қарсы табандылығын мадақтап: «Палестина мәселесі Иран үшін маңызды. ИИР-ның үкіметі бұрынғыдай Палестина халқы және қарсыласу қозғалысының қасынан табылады»,-деді.
Рухани Палестина мәселесінің ұмытылуын дұшпандардың аймақта терроризм мен лаңкестік топтарды таратудағы мақсаттарының бірі екенін айтып: «Палестинаның жапа шеккен халқының қарсылығы әлемге ешбір басқыншы жаулап алу арқылы тұрақты мүддеге қол жеткізе алмайды деген жолдауға ие»,-деп мәлімдеді.
Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы да осы кездесуде қоршаудағы Газа халқы мен палестиналық жастардың бұрынғыдан да ауырырақ жағдайда басқыншыларға қарсы тұрғанын айтып: «Қазіргі таңда палестиналық жастар қасиетті Құдсты қорғау мақсатында жаңа интифазаны бастап, сионистердің қатты басып-жаншуына мықты ерік-жігермен қарсы тұруда»,-деді.