Амир Абдуллахиан: Иран Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысын саяси және рухани тұрғыдан қолдауын жалғастырады
(last modified Sun, 23 Apr 2023 15:14:55 GMT )
Сәу 23, 2023 21:14 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысын саяси және рухани тұрғыдан қолдауын жалғастырады

Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің тарихи Палестинаның басып алынған жерлерін азат ету және Құдсты астана етіп Палестинаның тәуелсіз әрі біртұтас үкіметін құру жолында Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысын саяси және рухани тұрғыдан қолдауын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд Нахаламен телефон арқылы сұхбатында Ораза айт күні Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасының бір бөлігі Палестина мәселесіне арналғанын айтып, сионистік басқыншылардың әлсірегені, Палестинада болып жатқан өзгерістер, палестиналықтардың бірлігі, биылғы Рамазан айында әлем халықтарының Палестина халқын қолдауын маңызды капитал деп атады.

Зияд Нахала Құдсты қолдауда Палестина халқы мен топтарының бірігіп, кейінгі жылдары жақсы нәтижелерге жеткенін айтып, ИИР-ға Палестинаның жапа шеккен халқын қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтты.     

Тегтер