Дамаск: АҚШ-тың Сирия мұнайын тонауы – қарақшылықтың айқын үлгісі
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69222
Сирия СІМ сенбі күні кешке өз мәлімдемесінде: "АҚШ-тың Сирия мұнайы мен қазба байлықтарын тонауы – халықаралық заңдарға қайшы қарақшылықтың айқын үлгісі",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 23, 2023 21:53 Asia/Almaty
  • Дамаск: АҚШ-тың Сирия мұнайын тонауы – қарақшылықтың айқын үлгісі

Сирия СІМ сенбі күні кешке өз мәлімдемесінде: "АҚШ-тың Сирия мұнайы мен қазба байлықтарын тонауы – халықаралық заңдарға қайшы қарақшылықтың айқын үлгісі",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мәлімдемеде: "Сирия АҚШ-тан лаңкестер мен сепаратистерді қолдаудан бас тартып, Сирия жерінен шығуды талап етеді",-делінген.

АҚШ-тың әскери тармағы ретіндегі ДАИШ лаңкестік тобы Сирияда жеңіліс тапқаннан кейін америкалық күштер олардың орнын алмастырып, сол кезден бері ДАИШ-тың орнына Сирияның мұнайы мен қазба байлықтарын өндіріп, ұрлай бастады.