Иерихонда бір палестиналық сионистік әскерилердің қолынан қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i69390
Кейбір ақпарат құралдары Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Иерихон ауданының Акаба-Джабр қалашығында бір палестиналықтың сионистік әскерилердің қолынан қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 02, 2023 02:27 Asia/Almaty
  • Иерихонда бір палестиналық сионистік әскерилердің қолынан қаза тапты

Кейбір ақпарат құралдары Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Иерихон ауданының Акаба-Джабр қалашығында бір палестиналықтың сионистік әскерилердің қолынан қаза тапқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері дүйсенбі күні таңертең Иерихон ауданының Акаба-Джабр қалашығына шабуыл жасап, қарсыласу қозғалысының жауынгерлерімен қақтығысты.

Қақтығыс барысында Жибрил әл-Даа есімді бір палестиналық сионистік әскерилердің қолынан қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Сионистік әскерилер оқиға орнына жедел жәрдем көлігін кіргізбегендіктен Жибрил әл-Дааға дер кезінде көмек көрсетілмей, ол алған жарақатынан қаза тапты.