Maм 02, 2023 03:20 Asia/Almaty
  • Йемен мен Сауд Арабиясы арасында келісім жасалуына АҚШ-тың қысымы кедергі болып отыр

Йемен мен Сауд Арабиясы соғысты тоқтатуға маңызды қадамдар жасап жатқан кезде АҚШ-тың Эр-Риядқа қысымы соғыстың аяқталғанын жариялауға басты кедергі болып отыр.

Саудиялық делегация сәуір айының ортасында Йеменнің астанасы Санаға барды. 2015 жылы соғыс басталғалы бері бұл саудиялық делегацияның Йеменге жасаған алғашқы сапары болды. Бұған дейін Сауд Арабиясы Санада орналасқан үкімет және Ансаролламен сөйлесуден кесімді түрде бас тартып келген болатын. Бұл сапар Эр-Рияд үкіметінің Санада орналасқан үкіметті ресми түрде тануымен бірдей.

Саудиялық делегацияның Санаға сапарымен бір мезгілде Оман делегациясы да Йеменге сапар шекті. Осы екі делегацияның бір мезгілде Йеменде болуы тараптардың соғысты тоқтату ниетінің зор екенін көрсетті. Өйткені Оман делегациясы Йемен мен Сауд Арабиясының екеуінің де сеніміне ие.

Батыс Азия мәселелер бойынша сарапшы Ширин әл-Адими: "Саудиялық делегацияның сапары ұзаққа созылған теңсіз соғыс пен қоршау мәселесінде айтарлықтай өзгеріс барын көрсетеді. Йемен тарапынан Мехди әл-Машат пен саудиялық Мұхаммед әл-Джаирдың бір-бірімен қол алысуы екі ел қатынасында бетбұрыс нүктесі болды. Осыған дейін соғыс салдарынан 375 мың йемендік қаза тауып, миллиондаған адам аштықтан өлуге душар болып отыр",-деп жазды.  

Алғашқы қадамда маңызды келісімдер жасалып, соның бір тармағы ретінде тұтқындар босатылса да, кейінгі өзгерістер әлі де соғысты тоқтату үшін қорытынды келісім жасалмағанын көрсетті.

Осы келісімдегі үзілістің басты себебі – АҚШ-тың қысымы мен бүлдіргі әрекеттері. Иран мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынасты қайта жандандыруға бағытталған келісіміне наразылық білдіріп, оны өз мүддесіне сай емес деп санайтын Вашингтон Эр-Рияд үкіметіне Йеменмен келісімді тоқтатсын деп қысым жасады.

АҚШ-тың Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы соғысты тоқтату туралы келісімге қарсы шығуына бірнеше себеп бар. Бірақ ең маңызды себептердің бірі мынау: АҚШ бұл соғыстың Вашингтонның қатысуынсыз аяқталуын немесе Қытай мен Иран сияқты елдердің соғысты аяқтауға көмектесуін қаламайды. Вашингтонның сенімінше, қазіргі жағдайда соғысты тоқтату Батыс Азия аймағындағы қарсыласу өзегінің мүддесіне сай келеді, бірақ сионистік режимнің мүддесіне зиянды болмақ.

Тегтер