Раиси: Иран мен Сирияның еркі – екіжақты қарым-қатынастарды дамыту
(last modified Fri, 05 May 2023 10:42:26 GMT )
Maм 05, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Сирияның еркі – екіжақты қарым-қатынастарды дамыту

ИИР Президенті Иран мен Сирияның еркі - екіжақты қарым-қатынастарды дамыту  екенін қуаттады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,   Ибрахим Раиси  кеше бейсенбі күні Сирия мен Иранның экономикалық белсенділерінің басқосуында  Сирияға сапарын екі ел қарым-қатынасындағы бетбұрыс деп атап: «Иран Ислам Республикасы Сирияға электр қуаты, энергетика, газ, мұнай, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және әртүрлі өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ ғылым мен технологияда тәжірибе беруге дайын",- деді. Раиси Сирияның экономикалық белсенділері мен халқына сөйлеген сөзінде: «Сирия үкіметі мен ұлтының қарсыласу және дұшпанға қарсы тұру, сауда және экономикалық қызмет және халықтың мәселелерін шешу саласында нұр үстіне нұр болады деп үміттенеміз",- деп айтты.

Тегтер