Раиси: Иран мен Сирияның жан-жақты ынтымақтастық бағдарламасы екі елдің достық қарым-қатынасындағы жаңа тараудың бастамасы болып табылады
(last modified Fri, 05 May 2023 10:45:42 GMT )
Maм 05, 2023 16:45 Asia/Almaty

Иран Президенті Дамаскіге сапары барысында екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары деңгейінде қол қойылған Иран мен Сирияның жан-жақты ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастық бағдарламасын достық және бауырластық қарым-қатынастардағы жаңа тараудың бастамасы деп атады.  

Иран Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси кеше (бейсенбі) Сирия премьер-министрі Хұсейн Арнуспен кездесуінде Иранның экономикалық салалардағы көптеген мүмкіндіктеріне тоқталып: "Дағдарыстан кейінгі тыныш күндерде екі елдің ынтымақтастығы екі елдің мүддесіне сауда және экономикалық салаларда жалғасып, кеңеюі керек",- деді.

Бұл кездесуде Сирия премьер-министрі Хұсейн Арнус та Сирия дағдарысы кезінде Иран үкіметі мен халқының қолдауы мен көмегін жоғары бағалап: «Сирия соғыс кезінде ирандық бауырларының жақсылығын ешқашан ұмытпайды және Иран біздің ынтымақтастықтағы басымдылығымыз» деп мәлімдеді. Сирия премьер-министрі Теһран-Дамаск қарым-қатынастарының әртүрлі салаларда, әсіресе экономикалық және сауда салаларында кеңеюін құптай отырып, екі ел арасындағы жан-жақты бағдарлама мен 14 ынтымақтастық құжатының толық орындалуын қадағалайтынын айтты.

 

Тегтер