Башар Асад Джидда отырысына шақырылды
(last modified Thu, 11 May 2023 15:03:16 GMT )
Maм 11, 2023 21:03 Asia/Almaty
  • Башар Асад Джидда отырысына шақырылды

Сирия Президентінің аппараты: "Башар Асад Сауд Арабиясының паштасынан Араб елдері басшыларының отырысына шақыру алды. Отырыс 19 мамырда Джиддада өтеді",-деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясының Министрлер кабинеті Малек Салман бен Абдулазиз әл-Саудтың басқаруымен жиналыстар өткізіп, осы елдің патшасы Араб лигасына мүше елдердің Сыртқы істер министрлер кеңесінің Сирия мемлекеттік делегацияларының осы лига мен оған қатысты барлық ұйымдардың отырыстарына қатыса бастауы туралы шешімін қолдады.  

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі Сирияда дипломатиялық қызметін ресми түрде қайта бастайтынын жариялағаннан кейін Дамаск үкіметі де Эр-Риядта консулдық қызметін ресми түрде қайта бастады.