Беньямин Нетаньяхудың жүргізушісі наразыларды қағып кетті
(last modified Sun, 10 Sep 2023 13:26:32 GMT )
Қыр 10, 2023 19:26 Asia/Almaty

Сионистік режимнің Премьер-министрін қолдайтын көлік Тель-Авивте наразыларды қағып кетті.

Гаарец газеті: "Сионистік режимнің Премьер-министрін қолдайтын көлік Тель-Авивте сот реформасы жобасына наразыларды қағып кетті",-деп жазды.  

Гаарец газетінің аурухана баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, көлік шабуылы салдарынан Нетаньяхуға қарсы кемінде 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Сионистік режим Премьер-министрінің кеңсесі осы оқиғаға реакциясында қатыгездіктің барлық қалыптарын айыптап, халықты ұстамдылыққа шақырды.

Кеше, сенбі күні басып алынған Палестинаның түрлі қалаларында ондаған мың сионист 36-шы апта қатарынан Нетаньяху мен оның сот реформасына қарсы үлкен митингтер өткізді.