Иерусалим Пост: 750 израильдіктен хабар жоқ
(last modified Sun, 08 Oct 2023 13:58:55 GMT )
Қаз 08, 2023 19:58 Asia/Almaty

Сионистік режим ақпарат көздерінің хабарлауынша, "Әл-Ақса дауылы" операциясында 750-ге жуық израильдік хабар-ошарсыз кетті.

Сионистік режим ақпарат құралдарының жексенбі күні хабарлауынша, "Әл-Ақса дауылы" операциясында 100-ге жуық израильдік тұтқынға түсті. Газадағы тұтқындар арасында бейбіт тұрғындар, сарбаздар мен офицерлер бар.

ХАМАС-тың әскери тармағы шәһид Изаддин әл-Қассам батальондарының баспасөз өкілі Әбу Убайда  жексенбі күні таңертең: "Израильдік тұтқындар саны Беньямин Нетаньяху жариялаған саннан әлдеқайда көп",-деп мәлімдеді.

Әбу Убайданың айтуынша, "Әл-Ақса дауылы" операциясының алғашқы шабуылында дұшпан позицияларына, соның ішінде әуежайлар мен бекіністеріне 5 мыңнан аса зымыран атылды.