Абу Убейда: Палестиналық 275 әйел мен баланы босату үшін келіссөздер жүріп жатыр
ХАМАС-тың әскери бөлімшесі Катаиб әл-Кассамның баспасөз өкілі сионистік тұтқындарды босатуға айырбас ретінде Катардың 275 палестиналық әйелдер мен балаларды босатуға араша болып жатқанын хабарлады.
Абу Убейда: «Газаға қарсы соғыс басталғаннан бері 38 күн өтті, палестиналық жауынгерлер сионистік әскерилермен және олардың қару-жарақтарымен бірнеше майданда қарсыласуды жалғастыруда. Палестина жауынгерлері жау әскерлерінің барын байқап, оларға қарсы тұрып, танктері мен броньды машиналарын жойып жатыр»,- деді.
«Әл-Маядин» желісінің хабары бойынша, Абу Убейда палестиналық жауынгерлердің 48 сағат ішінде сионистік режимнің 20 әскери көлігін толық немесе ішінара жойып жібере алғанын айтты. Ол: «Сионистік басшылардың қарсыласуды жою армандары - ауыр жеңілістен құтылу әрекеті»,- деп баса айтты.