Хизболла Израильдің ұшқышсыз ұшағын атып түсірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i73834
Ливанның Исламдық қарсыласуы Ливан шекарасы маңында Израильдің дұшпандық ұшқышсыз ұшағын «жер-әуе» зымыранымен атып түсіргенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 18, 2023 22:11 Asia/Almaty
  • Хизболла Израильдің ұшқышсыз ұшағын атып түсірді

Ливанның Исламдық қарсыласуы Ливан шекарасы маңында Израильдің дұшпандық ұшқышсыз ұшағын «жер-әуе» зымыранымен атып түсіргенін хабарлады.

 

Ливанның Исламдық қарсыласуы Палестина халқына қолдау көрсету үшін бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 1:45 шамасында Израильдің көп мақсатты жауынгерлік «Гермес 450» ұшқышсыз ұшағын жер-әуе зымыранымен атып түсіргенін жариялады.

Бұл мәлімдеменің жалғасында зымыран нысанаға дәл тиіп, ұшқышсыз ұшақтың қалдықтары «Исба әл-Джалил» аймағына құлағаны айтылады.

Хизболла да жұма күні кешке Израиль танкінің жойылғанын және басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі сионистік режимнің бірқатар базаларына шабуыл жасағанын хабарлады.