Хизболла: Басқыншылар атысты тоқтату келісімін ұстанбаса, оларға жауап береміз
Ливан Хизболласының хабардар көзі бұл қозғалыстың ХАМАС пен сионистік режим арасындағы уақытша атысты тоқтату келісімінде ешқандай рөлі жоқ екенін баса айтып: «Егер басқыншылар атысты тоқтату келісімін ұстанбаса, біз оларға жауап береміз»,- деді.
"Әл-Джазира" хабарына сәйкес, бұл дереккөз одан әрі: "Оңтүстік Ливан Газа секторын қолдайтын майдан болып табылады және егер соғыс сонда тоқтаса, біздің ливандық күштер де шегінеді. Сионистік әскерилер ұстанатын болса, Хизболла жарияланған атысты тоқтатуды орындайды. Бәрақ атысты тоқтату режимі кезінде Ливанның оңтүстігінде немесе Газа секторында басқыншылардың кез келген қақтығыстардың өршуі байқалса, Хизболла жауабын қайтарады",- деп баса айтты.