Израильдің Рафахтағы бір үйге жасаған шабуылында 18 адам шәһид болды
(last modified Sat, 10 Feb 2024 11:00:36 GMT )
Ақп 10, 2024 17:00 Asia/Almaty
  • Израильдің Рафахтағы бір үйге жасаған шабуылында 18 адам шәһид болды

Сионистердің Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласында орналасқан әл-Наср ауданындағы бір үйге жасаған шабуылы 18 адамның шәһид болуына әкелді.

 

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху армияға Рафахтан халықты эвакуациялау және Хамастың қалған төрт батальонын жою жоспарын жасауға бұйрық бергенін айтты.

Нетаньяху кеңсесі: «Рафахта төрт Хамас батальоны қалғанда Израильдің соғыс мақсаттарына жетуі мүмкін емес»,- деп мәлімдеді. Израильдің шешімі мыңдаған босқын палестиналықтардың Рафахты паналағаны және Мысыр Израильдің осы шекаралық аймаққа шабуылы туралы ескерту жасаған жағдайда қабылданған.

Көптеген палестиналықтарды Израильдің Рафах қаласына жасаған шабуылы алаңдаттып. Олардың айтуынша, Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі операцияларын кеңейтіп жатқанда Рафахтан кейін паналауға орын жоқ.

Гуманитарлық үйлестіру агенттігі Рафахтың халық саны жағынан өте ықшам және тығыз болғанын және бір шаршы шақырымға 12 мың тұрғыны бар екенін айтады.

Тегтер