Йемендік белсенді: Американдық Аарон Бушнелл - біздің кейіпкеріміз, ал Америка үкіметі - біздің жауымыз
(last modified Wed, 06 Mar 2024 16:14:13 GMT )
Нау 06, 2024 22:14 Asia/Almaty
  • Йемендік белсенді: Американдық Аарон Бушнелл - біздің кейіпкеріміз, ал Америка үкіметі - біздің жауымыз

X әлеуметтік желі белсенділерінің бірі Мұстафа әл-Хатиб жазбасында Йемен астанасында америкалық сарбаз Аарон Бушнеллдің суретін орнату мәселесін талқылады.

Мұстафа әл-Хатиб бұл суретті X әлеуметтік желісіндегі жазбасында жариялау арқылы былай деп жазды: "Аарон Бушнелдің суреті біздің сүйікті елордамыз Санада, адамгершілік пен қадір-қасиеттің астанасында көтерілді.  Біз ешкімнен жасырмаймыз, Америка әлі де біздің жауымыз, бірақ біздің еркін адамдарға деген ұстанымымыз олардың үкіметтерінің саясатынан бөлек". #азат Палестина

Йемен астанасы Сана қаласындағы Аарон Бушнеллдің үлкен суретінің астында осы американдық солдаттың сөздері жазылған:

"Мен енді Газаға қарсы геноцидтін серіктесі болмаймын... Палестинаға бостандық... Америкалық геноцидке қарсы шәһид американдық сарбаз / Аарон Бушнелл  

Сана қаласында орнатылған Аарон Бушнеллдің суреті

Осы жарияланымнан кейін көп ұзамай X әлеуметтік желісі Мұстафа әл-Хатибтың басты парақшасын бұғаттады.

2024  жылы 25 ақпанда АҚШ Әскери-әуе күштерінің ардагері 25 жастағы Аарон Бушнелл Вашингтондағы Израиль елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді. Бушнелл бұл әрекетті отаршылдардың Палестина халқына жасап жатқан әрекеттеріне наразылық ретінде жасағанын айтты.

 

Тегтер