Құдс интифадасында палестиналық шәһидтердің саны артты
Сионист әскерилер тағы екі палестиналық жасөспірімді атып шәһид етті.
Палестина ақпарат тарату орталығы тілшісінің мәлімдеуі бойынша, сионист әскерилер жексенбі күні түсте Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Джанин қаласының батысында әл-Арғе елді мекенінде екі палестиналық жасөспірім – Нахад Раэд Мұхаммад Вакед пен Фуад Марван Халед Вакедке оқ жаудырып, шәһид еткен.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі осы екі палестиналық жасөспірімнің шәһид болуымен Құдс интифадасы шәһидтері санының 177 адамға ұлғайғанын мәлімдеді.
Сондай- ақ израильдік хабар көздері сионист әскерилердің бір палестиналық жігітті жаулап алынған Бэр әс-Сабағ қаласында қарсыласу қимылдарын жасамақ болды деген айыппен құрықтады.
Сионист әскерилер сондай- ақ жексенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан әл-Даһише қосыны мен әл-Абиат аймағында, сондай-ақ Бейт Лахмдағы Бейт Фаджар қалашығында 5 палестиналық жігітті құрықтады.