Maм 11, 2024 19:56 Asia/Almaty
  • Хизболла Израильдің көбірек палестиналықтарды өлтіруіне жол бермеу үшін оның қолын қалай байлады?

Газадағы соғыс басталғанына жеті айдан астам уақыт өтті. Ливан Хизболласы басқыншылықтың алғашқы сағаттарынан бүгінгі күнге дейін қарсыласу осінің маңызды ойыншысы ретінде басып алынған Палестинаның солтүстік аймақтарында түрлі операциялар жүргізу арқылы басқыншы Құдс режимінің армиясы мен қару-жарақтарының Газа аймағына жіберілуіне тосқауыл қоюға тырысты.

Объективті деректер Израиль армиясының едәуір бөлігінің Ливанның Хизболласына қарсы тұру үшін басып алынған аумақтардың солтүстік аудандарында позициясын алғанын және олардың Газадағы ұрыс алаңдарында болмауы Израиль армиясына қарсы жаңа майданның ашылуына себеп болғанын көрсетеді. Нәтижесінде Газа азырақ қысымға ұшырады.

Сионистік ақпарат көздері Ливан Хизболласының басып алынған жерлердің солтүстік аудандарына қарай 4000-ға жуық зымыран атқылағанын хабарлады. Бұл Палестинаның басып алынған солтүстік аймақтарынан 200 мыңнан астам сионистердің қоныс аударуына әкелді. Бұл мәселелер сионистік режимге қарсы елеулі саяси, әлеуметтік және экономикалық қиындықтар мен шығын әкеледі.

Өткен күндері Ливанның оңтүстігіндегі әртүрлі аймақтарды бомбалаумен қатар, Израиль Хизболла қолбасшыларын өлтіру үшін мақсатты науқанды жоспарлады. Бұл мәселе Хизболланың реакциясымен бетпе-бет кезігіп, қозғалыс басып алынған жерлерге   әртүрлі шабуылдар жасады.

Израиль Ливан Хезболласының басып алынған Палестинаның солтүстік аймақтарына жасаған шабуылдарын тоқтату үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанымен, оның барлық күш-жігері мен әрекеттерінің нәтижесі ештеңе болмады. Осы тұрғыда басқыншы режимінің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт: "Израиль өзінің солтүстік аймақтарында бастамасын жоғалтты және Тель-Авивке өзінің қалаған күн тәртібін жүктеп отырған Хизболла",- деп баса айтты.

Шиеленістің күшейумен Ливан Хизболласы қару-жарақ пен әскери тактика тұрғысынан таңғаларлық жаңа әдістер қолдануда. Бұл мәселе Құдсты басып алушы режим үшін одан да күрделі қиындықтар туғызды. Мысалы, жақында Ливан Хизболласының басып алынған Палестинаның солтүстік аудандарына және нақтырақ айтсақ, сионистік әскери нысанға ұшқышсыз ұшқышсыз шабуылы кезінде Израильдің 20-дан астам әскери қолбасшысы қаза тауып, жараланды. Хизболланың Израиль әскерилерінің орналасқан жері мен элиталарының кездесуінен хабардар болуы - оккупацияланған аумақтардағы кейбір әскери сарапшылардың таң қалуына себеп болған мәселе.

Израиль режимінің Ливанның Хизболласына қатысты басты дағдарысы мынада: Газа секторындағы жеті айдан астам соғыстан кейін бұл режим Газа секторындағы мақсаттарына жете алмай қана қоймай,  тіпті Ливанның Хизболласымен бетпе-бет келіп, онымен күресе алмады. Сондай-ақ, Палестинаның басып алынған солтүстігінде тұрып жатқан және қазір үйлерін тастап кеткен сионистік қоныстанушыларға тыныштық пен психологиялық қауіпсіздікті қалпына келтіре алмады.

Бұл теңдеу Израиль режимі үшін әскери және барлау тұрғысынан үлкен жеңіліс болып саналады.

Бұл мәселенің негізгі себебі Ливан Хизболласының зымыран және қару-жарақ арсеналында 150 мыңнан астам зымырандар мен әртүрлі сыныптағы ұшқышсыз ұшақтар бар. Бұл қозғалыстың сонымен қатар арнайы күштері және Резван тобы сияқты командалары бар. Өткен жылдары Хизболла броньды және әуе қорғанысы бөлімшелерін құра алды. Бұл теңдеулердің барлығы Израильдің Ливанға қарсы үлкен авантюрасы болған жағдайда бұл режим үшін көңілсіз сценарийлерді уәде етуі мүмкін.

Тегтер