Шіл 01, 2024 22:00 Asia/Almaty
  • Йеменнің жаңа катері - теңіздегі Израиль жақтастарының аңшысы

Йемен қарулы күштері жексенбі күні экипажсыз камикадзе катері «Туфан аль-Мудаммерді» көрсетті.

Йемен қарулы күштері осы елдің мамандары мен ғалымдарына сүйене отырып, айтарлықтай жетістіктерге жетіп, 20 күн ішінде «Палестина» баллистикалық зымыран, «Хатам 2» гипер дыбысты баллистикалық зымыран және «Туфан әл-Мадамер» экипажсыз   катері сынды алдыңғы қатарлы және жоғары сапалы қарудың үш түрін таныстырды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йемен қарулы күштерінің мәлімдемесіне сәйкес, қашықтан басқару арқылы басқарылатын салмағы 1000-1500 келі болатын «Туфан әл-Мадамер» экипажсыз  катер  өте жоғары жойқын күшке ие. Қашықтан басқарылатын әскери катер "Туфан әл-Мадамердің" жылдамдығы сағатына 45 км және кез келген ауа райы жағдайында тапсырмаларды орындауға қабілетті.                                                                                                                                                

TRANSWORLD NAVIGATOR кемесі 23 маусымда «Туфан әл-Мадамер» (Жойқын дауыл) тарапынан нысанаға алынған болатын. Өткен айларда Йемен армиясы Газа секторындағы палестиналықтардың   қарсыласуын қолдау үшін Қызыл теңіздегі және Баб әл-Мандаб бұғазындағы бірнеше Израиль кемелерін  немесе басып алынған жерлерге қарай бет алған кемелерін нысанаға алды.

Йемен армиясының күштері Израиль режимі Газаға шабуылдарын тоқтатпайынша, осы режимнің кемелеріне немесе Қызыл теңіздегі басып алынған жерлерге қарай бет алған кемелеріне шабуылдарын жалғастыру шешім қабылдады.

 

Тегтер