Сейед Хасан Насраолла: Израильдің қылмыстарын тек тасжүрек адамдар ғана елемейді
(last modified Tue, 09 Jul 2024 11:33:30 GMT )
Шіл 09, 2024 17:33 Asia/Almaty
  • Сейед Хасан Насраолла: Израильдің қылмыстарын тек тасжүрек адамдар ғана елемейді

Ливан Хизболласының Бас хатшысы жексенбі күні сөйлеген сөзінде: "Израиль режимінің Газа секторындағы қорқынышты қылмыстары Батыстағы адамзатты оятты",- деді.

 

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Ислам пайғамбарының немересі және әлем шиіттерінің үшінші имамы имам Хұсейннің (ғ.с.)  шәһид болу күндеріне байланысты сөйлеген сөзінде сионистік режимнің Газадағы қылмыстарының Батыстағы адамдардың санасын оятқанына сілтеме жасап: «Бұл қылмыстарды елемейтіндер - тасжүректер",- деп айтты.

Pars Today-дің хабарлауынша, бұл сөзінде  Насролла Хезболланың Газа мен Палестина халқына қолдау көрсетудегі табандылығына тоқталып: "Бұл қозғалыс Газа мен Палестина халқына қолдау көрсету үшін "әл-Ақса дауылы" шайқасына жоғары рух пен табандылықпен кірді",- деді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы сонымен бірге мұхаррам азасының (Имам Хұсейн (ғ.с.) мен оның серіктерінің шәһид болған күндері) психологиялық және рухани әсер қалдыратынын баса айтты: "Біз Кербаладамыз, шәһидтер туралы сөйлесеміз, шәһидтерді таныстырамыз, Кербала оқиғаларының ортасындамыз".