Иврит тіліндегі «TheMarker»: Израиль экономикасының болашағы үшін айқын көкжиек жоқ
ParsТoday – Сионистік режимнің экономикалық ақпарат құралы соғыстың осы режимнің экономикасына қатты әсер еткенін, соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше жыл өтсе де Тель-Авив бұл жағдайды түзете алмайтынын мойындады.
Иврит тіліндегі «TheMarker» газеті сионистік режимнің Газамен соғысына сілтеме жасаған хабарында: «Өткен жыл ішінде Израильде жабылған кәсіпорындардың саны азайған жоқ, сондай-ақ болжамдар олардың саны 2024 жылдың соңына қарай көбейетінін көрсетеді»,- деді.
ParsТoday агенттігі Tasnim-ге сүйеніп хабарлауынша, «TheMarker» осы мақаласында Израиль экономикасының 2023 жылы қазанда Газаға қарсы соғыс басталғаннан бері ауыр шығынға ұшырағанын және Ливанның оңтүстігіне таралуымен бірге соғыстың өршігенін айтты.
Осы сионистік газеттің хабарлауынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында Израильде өкілдік алу және компания ашу өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай азайған.
Сондай-ақ, осы есеп бойынша, Израильдегі көптеген бизнес иелері өз қызметтерін кеңейтуді немесе жаңа бизнес жобаларына кіру жоспарларын тоқтатты және олардың барлығы бұл әрекеттің себебін Израильдің бір жыл бұрын басталған соғысқа араласуы деп санайды және оны тоқтатудың болашағы жоқ.
Бұл газетте банктік пайыздық мөлшерлеменің жоғарылығына және оны төмендетудің нақты көкжиегінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, былай делінген: «Израиль кабинеті мен банктері несие беруге асықпайды, ал бизнес иелері табыстың азаюынан зардап шегуде».
Бұл БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта Израильде ондаған мың адам үйлерін тастап кеткен және олардың көпшілігі үшін жаңа бизнес жобасын бастау өте алыс.