Палестинаға басқыншылық жасаған режиммен атысты тоқтату келіссөздеріне қатысты соңғы оқиғаларға шолу
(last modified Sat, 15 Mar 2025 12:17:38 GMT )
Нау 15, 2025 18:17 Asia/Almaty
  • Палестинаға басқыншылық жасаған режиммен атысты тоқтату келіссөздеріне қатысты соңғы оқиғаларға шолу

ParsToday - Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының баспасөз хатшысы: "Сионистік-америкалық тұтқынды босату Хамастың атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуге дайындығын білдірмейді",- деді.

ХАМАС жұма күні мәлімдеме жасап, Газада тұтқында болған қос азаматы американдық-израильдік Айдан Александрды босатуға келіскенін жариялады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ХАМАС өкілі Хазем Қасым сенбі күні: «Сионистік-америкалық сарбаз Айдан Александрдың босатылуы оң қадам болды»,- деді. Ол: «Бұл әрекет Хамастың атысты тоқтату жоспарын қайта келісуге дайын екендігін білдірмейді», - деп баса айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым: «Біз жаңа немесе жанама келісімдер туралы айтып отырған жоқпыз, керісінше, атысты тоқтату келісімінің әртүрлі кезеңдерінде толық орындалуын көздейміз» деді. Хамас өкілі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың ұстанымдарына тоқталып: «Нетаньяху коалициялық кабинетінің ыдырауынан қорқатындықтан, атысты тоқтату үдерісін аяқтауға әкелетін кез келген ұсынысты қабылдамайды»,-деді.

 

Атысты тоқтату ұсынысының соңғы мәліметтері және Хамастың жауабы

Бірақ келісімді жүзеге асырудың бірінші күні қандай бағыттар қарастырылғанын білу керек:

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хамас бес израильдік тұтқынды, оның ішінде Америка азаматтығын алған Айдан Александрды босатуы керек. Өз кезегінде Израиль бірқатар палестиналық тұтқындарды босатуға міндеттеме алады. Екі тарап арасындағы жанама келіссөздер тұтқындар алмасудан кейін 50 күн бойы тұрақты атысты тоқтатуды және тұтқындарды кеңірек алмасуды талқылау үшін жалғасады.

Хамас палестиналық тұтқындарды босату нақты және кепілді түрде жүзеге асырылған жағдайда ғана Эйдан Александр мен төрт израильдік мәйітті тапсыруды ұсынды. Хамас сондай-ақ израильдік тұтқындарды тапсырғанға дейін тұтқындарды алмасу, өткелдерді ашу және гуманитарлық көмек жеткізумен бірге тұрақты атысты тоқтату туралы келіссөздерді дереу бастауға шақырды.

Басқа жағынан Тель-Авив те 11 тірі тұтқынның, олардың ішінде Эйдан Александрдың босатылуын және 16 мәйіттің тапсырылуын талап етті. Израильдің ұсынысында өмір бойына бас бостандығынан айырылған 120 палестиналық тұтқынды, Газа секторынан тағы 1110 тұтқынды босату және 160 палестиналық мәйітті тапсыру туралы айзтылды. Израиль тұтқындар босатылғаннан кейін жанама келіссөздер ұзақтығын 50 күннен 40 күнге дейін қысқартуға шақырды және тұрақты атысты тоқтату басқа израильдік тұтқындар туралы ақпарат алу шарты болуы керек екенін атап өтті. ХАМАС-тың ұсынысына қарамастан, Израиль өз жауабында Газа секторынан шығу туралы еш сөз қозғамады және гуманитарлық көмектің тек бейбіт тұрғындарға жеткізілуін қамтамасыз ететін механизмдер құруға шақырды.

 

Нетаньяху тобының АҚШ-Хамас келіссөздеріне кедергі келтіру әрекеті

Атсаб келіссөздері туралы хабардан кейін сионистік «Едиот Ахронот» газеті америкалық қайраткерлерге сілтеме жасап, Беньямин Нетаньяхуға жақын министр Рон Дермердің АҚШ үкіметі мен ХАМАС қозғалысы арасындағы келіссөздерді жеңу үшін жасырын науқанды басқарып отырғанын әшкереледі. Кейбір американдық дереккөздер америкалық келіссөзші Адам Бюлердің ХАМАСпен тікелей келіссөздер жүргізгенін анықтады, бірақ Нетаньяху айналасындағылар БАҚ науқанын бастап, құпия келіссөздерді әшкерелеп, оны қызметінен алып тастады.