Йемен Израиль аспанын жауып тастады; Бен Гурион әуежайында халықаралық рейстер тоқтатылды
ParsToday - Йеменнің Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына сәтті зымырандық шабуылынан кейін израильдік ақпарат құралдары басып алынған жерлерге ұшуларын тоқтатқан компаниялар санының артқанын хабарлады.
Сионистік «Демаркер» газетінің жексенбі күні хабарлауынша, Йеменнен зымыран атуына байланысты басып алынған жерлерге ұшуларын тоқтатқан әуе компанияларының саны 19-ға жетті.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жуырда Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари мәлімдеме жасап: «Йемен армиясы Палестина халқына қолдау көрсетуді және сионистік режимге қарсы ұшуға тыйым салу аймағын іске асыруды жалғастыра отырып, Бен-Гурион әуежайы мен Тельив қаласындағы операцияға гипер дыбысты баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады», -хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, басып алынған аумақтардағы 200-ден астам орын бұл жағдайдан зардап шекті және Израиль режимінің әуе қорғаныс жүйелері зымыран ұшырудан қорқып, ескертуге алынды. Осы шабуылдардан кейін бірқатар әуе компаниялары басып алынған аумақтарға рейстерін тоқтатты.
Соңғы жағдайда Air India Тель-Авивке рейстерін тоқтатқанын хабарлады. Tata Group компаниясына тиесілі бұл әуе компаниясы Дели мен басып алынған аумақтар арасында тікелей рейстерді орындайтын жалғыз үнді әуе компаниясы.