"Хезболла" қозғалысы бас хатшысының Оңтүстік Ливаннан сионистерді шығарудың жылдығында сөйлеген сөзі
Ливандың "Хезболла" қозғалысының бас хатшысы Израильді аймақтың ең ірі қаупі деп атап: "Сионист жау аймақ халықтарын үнемі тасадан аңдып отырады", - деді.
Al-Manar арнасының сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ливанның оңтүстігінен сионистерді шығаруға 16 жыл толуына орай өткен іс-шарада ливандық "Хезболла" партиясының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла сионистік режимнің аймақтағы қылмыстарына тоқталып: "Израиль әрдайым өңірдегі халықтарға қастандық жасауға талпынды. Алайда кейбір елдер бұл режимді дос ретінде таныстырғысы келеді. Бүгінде қарсыласу қозғалысының жеңісі Ливан халқының баға жетпес байлығы болып табылады. Біздің бұл жеңісімізді ескермейтіндерден партиялық және саяси араздықты шетке қоюды сұраймыз", - деді.
Насролла аймақтағы кейбір араб елдерінің сионистік режимнің мақсаттарына серіктес болуын баса айтып, қарсыласуға сенбейтіндерге тыс болмағанда әшкере, не жасырын түрде оған қарсы қастандық жасамауды сұрады
Хасан Насролла қазіргі кезде аймақтағы Қарсыласу қозғалысы мен дұшпан арасындағы шайқастың Қарсыласу тобының жеңісімен аяқталатынын, оның ешқашан жеңіліс таппайтынын айтып, Палестинаның тағы да жалғыз қақтығыс өзегі болатынын мәлімдеді.