Түркияда ондаған адам құрықталды
Maм 30, 2016 20:18 Asia/Almaty
Түркияда 33 кісі Фетхуллаһ Гүлен жетекшілігіндегі «Hizmet» қозғалысымен ынтымақтастық жасады деген айыппен құрықталды.
Түркияның үкіметтік телеарнасының хабарлауы бойынша, осы іс- қимыл Ыстамбұл қаласы прокурорының жарлығымен басталып, әлі жалғасуда. Осы мәлімет бойынша, аталмыш кісілер «Hizmet» қозғалысына қаржылай көмек көрсетті деген айыппен ұсталған. Өткен аптада да бұрынғы облыс әкімі мен төрт аға офицер «Hizmet» қозғалысының жақтастарына қолдау көрсетіп, кейбір үкіметтік мекендерді жалға беру үшін жеңілдіктер жасады деген айыппен құрықталған болатын.
Тегтер