Түркия әскерінің бұрынғы офицерлері тұтқындалды
(last modified Wed, 01 Jun 2016 11:18:55 GMT )
Маусым 01, 2016 17:18 Asia/Almaty
  • Түркия әскерінің бұрынғы офицерлері тұтқындалды

Түркия әскерінің бұрынғы офицерлері қастандық жасамақ болды деп айыпталып, тұтқындалды.

Түркияның қауіпсіздік қайраткерлері 2013-ші жылы үкіметті құлатуды мақсат етті деп айыпталған бұл елдің бұрынғы офицерлерінің Анкара қаласында тұтқындалғандары туралы хабарлады. Түркияның қауіпсіздік қайраткерлері: «Бұл елдің бұрынғы офицерлері басқа 5 адаммен қосылып, компьютерлік компаниялардың бірінде полиция кеңсесінің компьютерлерінің жұмысына хакерлік шабуыл жасамақ болған. Бірақ тұтқынға түсіп, ғаламторда жасамақ болан шабуылдары нәтижеге жетпеген. Тұтқындалғандар полиция кеңсесінің компьютерлеріне қатерлі вирус жіберуді мақсат еткен» деді. Сонымен бірге бұл адамдар «Хизмет» қозғалысымен ынтымақтастық етеді деп айыпталды. «Хизмет» қозғалысы – Эрдоған үкіметінің қарсыласы.