Израильдің Палестина халқын мәжбүрлеп көшіру ұмтылысына қатысты ескерту жасалды
(last modified Sun, 19 Jun 2016 17:00:16 GMT )
Маусым 19, 2016 23:00 Asia/Almaty
  • Израильдің Палестина халқын мәжбүрлеп көшіру ұмтылысына қатысты ескерту жасалды

Қалашық салуға қарсы жерді қорғау және қарсыласу ұлттық бюросы израильдік раввиндердің палестиналықтардың ауыз суына у қосуды талап етуінің салдарларын қауіпті деп атады.

«Меһр» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қалашық салуға қарсы жерді қорғау және қарсыласу ұлттық бюросы сионистік әсірешіл раввиндердің палестиналықтардың ауыз суына у қосуды талап етуінің қауіпті салдарлары туралы ескерту жасаумен қоса, осы шара палестиналықтарды ауылдар мен өз аймақтарынан көшіру үшін жаулап алынған жерлерде демография құрамын сионистердің пайдасына өзгертуді көздейді деп мәлімдеді.

Қалашық салуға қарсы жерді қорғау және қарсыласу ұлттық бюросы сионистік раввиндердің келесі талабына, соның ішінде араб азаматтарының мал-мүлкін ұрлап, палестиналықтардың зәйтүн өнімдерін бүлдіру әрекетіне сілтеме жасап: «Сионистер жергілікті тұрғындарды ауылдар мен палестиналық аймақтардан кетіп қалуға итермелеу үшін еш әрекеттен аянбайды» деп мәлімдеді.

Сионистік қалашықтардың раввиндер кеңесі деп аталатын кеңестің төрағасы сионистік қалашықтардың тұрғындарынан Иордан өзенінің батыс жағалауындағы ауылдар мен палестиналық аймақтардың ауыз суына у қосуды талап етті.