-
Бейрут жарылысынан тағы бір видео
Там 14, 2020 18:28Бұл видеода Бейрутте жарылыс болған сәт басқа қырдан көрсетілген.
-
Бейрут жарылысында қираған үйлер
Там 14, 2020 17:35Ливан тарихындағы ең жойқын жарылыс саналатын Бейрут жарылысында қираған үйлердің ішіне дрон жіберіліп, 4 тамызда астана тұрғындарының басынан кешкен жағдайы бейнетаспаға түсірілді. Алдын ала есептеулер бойынша, 2750 тонна аммоний нитратының жарылысы салдарынан Бейруттың 300 мың тұрғыны баспанасыз қалды. Жарылыста құрбан болғандардың саны – 220 адам, жараланғандар саны 5 мыңнан асып жығылады.
-
БАӘ мен сионистік режим өзара қарым-қатынасты қалыптандыруға келісті
Там 14, 2020 15:53Дональд Трамптың БАӘ мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынасты қалыптандыру үдерісін жеңілдету үшін жасаған үздіксіз талпыныстарынан кейін қос тарап дипломатиялық қарым-қатынасты толық қалыптандыруға келісті.
-
Хамас пен Исламдық джиһад: БАӘ мен Израильдің келісімі жойылуы тиіс
Там 14, 2020 15:01Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) саяси кеңсесінің басшысы мен Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы БАӘ мен сионистік режимнің келісімінің күшін жою қажеттігін қуаттады.
-
Сирияның жаңа Парламентін ашу рәсімінде Башар Асадтың қан қысымы төмендеді
Там 13, 2020 15:43Сирия Президенті жаңа Парламенттің алғашқы жиналысында қан қысымы төмендеп, басы айналды. Башар Асад жиылған қонақтардан сәл отыра тұрып, кейін сөзін жалғастыруға рұқсат сұрады. Асад қайта сөз алғанда қысымының түсуін кеше тамақтанып үлгермегендігінен деп түсіндірді.
-
Бейрут жарылысында қаза болғандар еске алынды
Там 13, 2020 15:26Ливан Президенті Мишель Аун Бейрут жарылысынан туындаған шығын көлемінің 15 млрд долларға бағаланып отырғанын мәлімдеді. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, осы күнге дейін жарылыс салдарынан 171 адам қаза тауып, 6 мыңға жуық адам жараланды.
-
Израильде Нетаньяхуға қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр
Там 13, 2020 15:03Соңғы күндері Израильдің мыңдаған халқы сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға наразылық білдіріп, шеру өткізді. Оның арты полиция мен наразылардың қақтығысына ұласты. Наразылар бір ғимараттың қасбетіне «Сенің заманың өтті» деп жазылған үлкен ақ мата ілді.
-
Сионистік қалашықтардың үстіне от шашатын баллондар лақтырылды
Там 12, 2020 15:36«Шаһаб» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Газа секторының солтүстігіндегі сионистік қалашықтарға лақтырылған от шашатын баллондар салдарынан жойқын өрт шықты.
-
Ливандық азамат Al-Arabia арандатушы арнасын қатаң сынады
Там 11, 2020 18:31Әлеуметтік желілерде таралған видеода ливандық азаматтың Al-Arabia арнасының тілшісіне қатаң жауап бергені көрсетілген.
-
Ирак пен Кувейт шекарасында америкалық лаңкес әскерилердің позицияларына шабуыл жасалды
Там 11, 2020 17:14Ақпарат құралдары сейсенбі күні таңертең Ирак пен Кувейт арасындағы Джаришан шекаралық бекеті маңында бірнеше жарылыстың болғанын хабарлады.