Үш миллион адам Ұлыбританияда қайтадан референдум өткізуді қолдады
Маусым 26, 2016 21:43 Asia/Almaty
Ұлыбританияның шамамен үш миллион азаматы осы елдің Еуропа Одағына мүшелігі туралы жаңа референдум өткізу қажеттілігі қуатталған петицияға қол қойды.
Петицияда "Референдумға қатысу көрсеткіші 75 пайыздан төменірек болып, қатысушылардың 60 пайыздан кемі Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуына дауыс бергеніне байланысты бұл референдум Ұлыбритания халқының басым көпшілігінің нақты қалауы бола алмайды" деген дәлел келтірілді.