Эрдоған Путиннен кешірім сұрады
(last modified Tue, 28 Jun 2016 08:48:33 GMT )
Маусым 28, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Эрдоған Путиннен кешірім сұрады

Ресей Президентінің Баспасөз хатшысы: «Түркия Президенті Сирияның әуе кеңістігінде ресейлік әскери ұшақтың құлатылу оқиғасында ресейлік ұшқыштың өлтірілгеніне байланысты Владимир Путиннен кешірім сұрады»,- деп хабарлады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Кремльдің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбі күні: «Реджеп Тайып Эрдоған Владимир Путинге жолдаған хатында өткен жылдың қараша айында Сирияның әуе кеңістігінде ресейлік әскери ұшақтың құлатылу оқиғасында ресейлік ұшқыштың өлтірілгеніне байланысты кешірім сұрады. Түркия Президенті өз хатында ресейлік ұшқыштың өлгеніне өкініш білдіріп, Анкараның Мәскеумен қарым-қатынастарын жақсартуға әзірлігін мәлімдеді»,- деді.

Осы мәлімет бойынша Эрдоған Ресейге жолдаған өз хатында Ресейді Түркияның досы әрі стратегиялық серіктесі деп атап, Анкара басшыларының Мәскеумен арадағы екіжақты қарым-қатынастарының нашарлағанын қаламайтынын қуаттаған.

2015-ші жылдың 24-ші қарашасында Сирияның әуе кеңістігінде Ресейдің әскери Су-24 ұшағы Түркияның Ғ-16 әскери ұшағының нысанасына алынып, құлатылған болатын. Ресейлік әскери ұшақтың екі ұшқышының біреуі оқиға орнында қаза тапты.