Иран Американың адам құқығын бұзуының түрлі фактілерін әшкерелейді
(last modified Wed, 29 Jun 2016 14:38:39 GMT )
Маусым 29, 2016 20:38 Asia/Almaty
  • Иран Американың адам құқығын бұзуының түрлі фактілерін әшкерелейді

Иран Сот билігінің адам құқығы халықаралық істері бойынша орынбасары ИИР-ның Американың адам құқығын бұзуының түрлі фактілерін әшкерелейтінін мәлімдеді.

Иран Сот билігінің адам құқығы халықаралық істері бойынша орынбасары Казем Ғарибабади Американың адам құқығын бұзуының түрлі фактілері бар екендігіне сілтеме жасап: «Адам құқығын бұзу фактілерін ашық түрде баяндайтын азат елдер әлемде сирек кездеседі, алайда Иран ислам республикасы тәуелсіз жүйеге ие. Сол себепті осы жағдайды қарастырады.

Иран ислам республикасына қарсы ең ауқымды санкциялар мен шүйлігулер Америка тарапынан жасалған. Ешбір ел қазіргі заман тарихында осындай өшпенділіктерге тап болған жоқ. Осынша барлық шүйлігулерге қарамастан исламдық Иран ұлттық және халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізді, бірақ бұл ілгерілеушілік санкция салған елдердің жауапкершілігін жоққа шығармайды.

Америка адам құқығы жөнінде сөз айтуға және осы ел мен оның одақтастарының әрекеттері салдарынан адам құқығы бұзылуының құрбаны болған Иран сияқты елдерді адам құқығын бұзып отыр деп айыптайтын біліктілікке лайық емес» деді.