Бружерди: Америка сылтау іздеуде
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы: "Америка Иранның мәселелері мен экономикалық әрекеттері туралы сылтау іздеуде" деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алауэддин Бружерди жексенбі күні АҚШ- тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Иранға қарсы мәлімдемесіне көрсеткен реакциясында: «АҚШ – үкіметтік лаңкестіктің айқын мысалы және әлемдегі лаңкестік шаралар мен экстремистік топтардың демеушісі болып табылады, бірақ сонда да Иран ислам республикасына шындыққа жанаспайтын көзқарасқа ие» деді.
Бружерди АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иран лаңкестікті қолдап отыр деген уәждерін теріске шығарып: «Америка Иран ислам республикасының танылған дұшпаны болып табылады. Оның Иранның экономикалық әрекеттері жолында кедергі келтіруінің нәтижеге жетпейтіндігі даусыз.
АҚШ Иран Ислам Республикасына тосқауыл қою үшін кез- келген құралды қолданады. Бүгінде лаңкестікті қолдау және адам құқығы тәрізді мәселелерді көтеріп отыр» деді.