Шіл 04, 2016 14:36 Asia/Almaty
  • АҚШ Бағдаттағы лаңкестік әрекетті айыптады

АҚ Үй мен АҚШ Мемлекеттік департаменті жеке мәлімдеме жариялап, Ирактың астанасындағы әл-Караде аймағындағы лаңкестік шабуылды айыптады.

«Фарс» ақпарат агенттінің мәліметі бойынша, Ирак астанасында жексенбі күні орын алған лаңкестік жарылыстардан кейін АҚ Үй мен АҚШ Мемлекеттік департаменті жеке мәлімдеме жариялап, лаңкестік шабуылды айыптады. АҚ үйдің мәлімдемесінде: «Ирак үкіметі және халқымен бірге ДАИШ-ты жою жолындағы талпыныстарды жалғастырамыз» деп айтылған.

Сонымен бірге БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун де өз мәлімдемесінде Бағдаттың әл-Караде аймағындағы лаңкестік жарылыстарды қорқынышты қылмыс деп атап, айыптады. БҰҰ-ның Бас хатшысы өз мәлімдемесінде Ирак халқынан қорқыныш тудыратын әрі елдің бірлігін әлсірететін кез келген әрекеттен абай болуды және Ирак үкіметінен неғұрлым жылдам бұл қылмысты іске асырғандарды тауып, оларды жазалауды сұрады.

Ирак Премьер-министрі Хайдер әл-Абади Бағдаттағы қанқұйлы жарылыстардан кейін өз елінде үш күн ұлттық аза жариялады. Бағдаттың әл-Караде аймағындағы екі жарылыстың салдарынан 170 адам қаза болып, 100 адам жарақат алды.

Бұл шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Тегтер