Польшада НАТО басшыларының отырысы басталды
(last modified Sat, 09 Jul 2016 10:38:48 GMT )
Шіл 09, 2016 16:38 Asia/Almaty
  • Польшада НАТО басшыларының отырысы басталды

Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымына (НАТО) мүше елдер басшыларының екі күндік отырысы 8- ші шілде, жұма күні Польша астанасы Варшавада басталды.

28 мүше елдің басшылары қатысып отырған осы отырыстың негізгі тақырыбы Ресеймен қарым- қатынасқа, сондай- ақ лаңкестікке тосқауыл қою мәселесіне шолу жасау болып табылады. Польша президенті Анджей Дуда осы отырыстың ашылу рәсімінде жасаған баяндамасында әлемдегі өзгерістерге шолу жасап, Орталық және Шығыс Еуропада НАТО- ның қорғаныстық және жауынгерлік әлеуетін күшейтуді қуаттады. НАТО бас хатшысының орынбасары Александр Вершбоу да отырыстың басында осы ұйымның ұстанымын Ресейге шынайы тосқауыл қою деп атап, НАТО- ның Ресеймен ұзақ мерзімді стратегиялық бәсекеге кіргенін қуаттады. Оның айтуынша, НАТО өзіндегі өзгерістердің жаңа үдерісін осы миссия бойынша бастайды. НАТО бас хатшысының орынбасары осы шарт мүшелерінің шығыс шекараларын күшейтуді жалғастыруды қуаттап, өзгерістер НАТО- ның «қырғи қабақ» соғыс кезеңінен кейінгі шараларынан өзгеше болады деді.

НАТО басшыларының Польшадағы отырысы күрделі кезеңде өтіп жатыр. Қазір НАТО мен Ресей арасындағы текетірес күрт өрістеп, Ресей мен НАТО байланыстарының деңгейі «қырғи қабақ» соғыс кезеңінен кейінгі ең төменгі деңгейіне түсіп кеткен. 2014 жылдан қазірге дейін Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы Еуропадағы, әсіресе осы құрлықтың шығысындағы Ресеймен көршілес елдерде өзінің әскери құзырын күшейткен. Осы шара әсіресе Балтық өңірі мен Қара теңізде Ресейдің Украинаның шығысына араласуы желеуімен атқарылып отыр. НАТО- ның Шығыс Еуропа елдеріндегі құзырының ұлғаюына Ресей талай рет ескерту жасады. Осы шеңберде ұйымның басшылары Варшава отырысында алдын ала анықталған бағдарламалар бағытында НАТО әскерилерінің құзырын Балтық өңіріндегі елдер мен Польша және Румьнияда ұлғайтуды бекітеді. Бұл мәселе Мәскеудің елдің батыс шекараларында ресейлік әскерилердің құзырын күшейтумен қарымта әрекетке баруына соқтырады. Ресей президенті Владимир Путиннің көзқарасы бойынша, НАТО- ның Польша мен Балтық өңірінде өзінің әскери тұрғыларын күшейту шаралары Шығыс Еуропада әскери тепе- теңдікке соққы беру мақсатында орындалуда. Украина дағдарысы мен Ресей мен НАТО байланыстарының нашарлап кетуіне дейін екі тарап НАТО- Ресей кеңесі деп аталатын кеңес қалпында әріптестікте болды. Кеңес 2003 жылы қалыптасты. Оның ең соңғы ресми отырысы да 2014 жылдың маусым айында өтті. Сол кезден қазірге дейін Ресей мен НАТО арасында келіссөздер тоқтатылды. 2016 жылы кеңестің отырысы Брюссельде өтті. Алайда олар өзара келіспеушіліктерді азайту бойынша оң нәтижеге қол жеткізбеді. Екінші жағынан НАТО Ресейдің қарсылығына қарамастан шығысқа қарай қанат жаюды одан әрі жалғастыруды қуаттап отыр. НАТО- ның бұл негіздегі соңғы қадамы Черногорияның осы ұйымға мүшелікке өту үдерісі болып табылады. Осы мәселе Ресейдің шынайы қарсылығына тап болып отыр. Мәскеудің көзқарасы бойынша, бұл шара Еуропадағы текетірестерді өршіте алады. Ресей НАТО- ның Еуропаға көбірек қанат жаюын бұл құрлықтың қауіпсіздігіне қарсы кері үдеріс санайды. НАТО басшыларының отырысында талқыға салынатын өзге бір мәселе лаңкестіктің өрістеуі мен оның осы ұйымға мүше елдерге қауіп төндіруі болып табылады. Аталмыш мәселе, әсіресе 2015 жылдың қараша айы мен 2016 жылдың наурыз айындағы Париж бен Брюссельдегі лаңкестік шабуылдардан кейін зор маңызға ие болып отыр. Шын мәнінде соңғы екі жыл бойында Ресейді Еуропадағы негізгі қауіп ретінде көрсетуге талпыныс жасаған НАТО ұйымы қазір тәкфирлік лаңкестік деп аталатын ащы шындыққа тап болып отыр. Оның өрістеуі Франция мен Ұлыбритания сияқты НАТО- ның кейбір мүшелерінің Сириядағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуінен туындап отыр. Тәкфирлік лаңкестік еуропалық елдер мен Ресейге осы елдердің көптеген азаматтарының ДАИШ лаңкестік тобының құрамында болуына байланысты үлкен де шынайы қауіп төндіріп отыр. НАТО бұрын осы қауіп- қатерге тосқауыл қою үшін Ресеймен ынтымақтастық жасауға мүдделі болған. Варшава отырысында НАТО басшыларының бұл туралы қандай шешім қабылдайтынын көру керек. Ресей батыстықтардың НАТО арқылы ойдан шығарылған қауіп- қатерге, яғни Ресейге тосқауыл қоюдың орнына лаңкестікпен күресте Мәскеумен бірігуі керек екендігін қуаттап отыр.

Тегтер