АҚШ Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тұрақты болғанын мойындады
(last modified Sun, 10 Jul 2016 09:09:43 GMT )
Шіл 10, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тұрақты болғанын мойындады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тұрақты болғанын мойындады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кёрби кеше сенбі күні: «Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғанын көрсететін ешқандай мәлімет жоқ. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі де Иранның өз міндеттемелерін орындап жатқанын мәлімдеді»,- деді.

Кёрби Германияның ішкі қауіпсіздік ұйымының (BFV) «Иран 2015-ші жылы екі түрлі пайдаланылатын және ядролық өнеркәсіпте қолданылу мүмкіндігіне ие технологияларды импорттауға талпыныс жасады» деген жуырдағы мәлімдемесіне тоқталып: «Иранның ядролық келісімді бұзғаны туралы ешбір құжат жоқ»,- деп қуаттады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының айтуынша, бұл уәждерге Германия басшыларының өздері жауап беруі керек.