АҚШ үкіметі осы ел парламентінің жуықтағы шешіміне қарсылық танытты
АҚШ мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы АҚШ үкіметі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындау үдерісіне кедергі келтіруге қарсы деп мәлімдеді.
ИРНА- ның хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Ален Эйр сенбі күні АҚШ өкілдер палатасының Иранға ұшақ сатуға тыйым салу жөніндегі таяудағы шешіміне көрсеткен реакциясында: «АҚШ президенті Барак Обама ядролық келісімді орындау үдерісіне кедергі келтіруге қарсы.
АҚШ үкіметі парламенттің жуықтағы шешімінен хабардар және «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындау бағытында кез- келген кедергіге қарсылық танытатын болады» деді.
АҚШ Өкілдер палатасы өткен бейсенбі күні Иранға ұшақ сатуға, соның ішінде «Боинг» сатуға тыйым салатын екі қосымша жобаны бекітті.
Барак Обама «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын әлсіретуге себеп болатын кез келген жобаға вето жариялайтынын қуаттады.
Ұшақ өндіретін «Боинг» компаниясы маусым айында Иранға 80 жолаушы ұшағын сатуды және 29 ұшақты жалға беруді мақсат етіп отырғанын мәлімдеген болатын.