UNESCO: Ислам - әлемдегі ең бейбіт дін
Шіл 12, 2016 22:20 Asia/Almaty
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы «UNESCO» халықаралық бейбітшілік қорымен бірлескен мәлімдемесінде ислам дінін әлемдегі ең бейбіт дін деп атады.
«UNESCO» мен халықаралық бейбітшілік қоры алты айға созылған бірлескен бағдарламада әлемдегі барлық діндерді және олардың қаншалықты бейбіт екендігін қарастырды. Соңында ислам әлемдегі ең бейбітшіл дін ретінде таныстырылды. Халықаралық бейбітшілік қорының салыстырмалы зерттеулер бөлімінің басшысы Роберт Маги бұл туралы: "Ислам дінінің исламның атымен жасалып жатқан шабуылдар мен лаңкестік әрекеттерге еш қатысы жоқ, өйткені лаңкестер дінсіз адамдар" деді.
Тегтер