Иран үстемшілдердің адам құқығы тақырыбын құрал ретінде пайдалануын сынады
ИИР-ның БҰҰ-ғы елшісі әрі тұрақты өкілінің орынбасары адам құқығының үстемшілдердің сыртқы саясаттарының құралына айналғанын айтты.
Иран Телерадио ұйымының мәліметіне сәйкес, ИИР-ның БҰҰ-ғы елшісі әрі тұрақты өкілінің орынбасары сәрсенбі күні осы ұйымның Бас ассамблеясының адам құқығы тақырыбына арналған отырысында сөйлеген сөзінде "Адам құқығы үстемшілдердің сыртқы саясаттағы құралына айналды. БҰҰ алпауыт елдердің қысымдары алдында аполитизмге шырмалып, қауқарсыз күйге түсті. Алпауыт елдер одақтастары тарапынан адам құқығының дөрекі түрде бұзылуына қарамастан оларға қолдау танытып, адам құқығын қолдау, арттыру және оны құрметттеу деген түсінікті ауқымды түрде теріс пайдалануда. БҰҰ халықаралық құқықтардың сорақы түрде бұзылуы кезінде қысымдармен бетпе-бет келгенде қарсылық танытып, екіжақты стандарттар ұстану мен аполитизмге шырмалудан бойын аулақ салуы керек" деді.