Иран Пан Ги Мунның біржақты есебін сынады
(last modified Tue, 19 Jul 2016 08:03:15 GMT )
Шіл 19, 2016 14:03 Asia/Almaty
  • Иран Пан Ги Мунның біржақты есебін сынады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы БҰҰ Бас хатшысының АҚШ-тың ашық қысымымен дайындалған алты айлық есебін сынап, ИИР-ға қарсы айыптауларды негізсіз деп атады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні БҰҰ Бас хатшысының Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын орындау туралы алты айлық есебін сындарсыз, біржақты сипатқа ие деп бағалап: «Бұл есеп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының рухы мен мәтініне қайшы келеді. Халықаралық қауымдастық БҰҰ Бас хатшысынан АҚШ пен «алтылық» елдерінің кейбір мүшелерінің көптеген елдер растаған «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген міндеттемелерді орындаудан жалтарып отырғанын ашық түрде жеткізуін күтеді. Бұл есепте Иранның зымырандық сынақтарына  алаңдаушылық білдіру қасақана жасалып отыр. Бұл Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының мән-мазмұнына қайшы»,-деп қуаттады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Қауіпсіздік кеңесіне берген есебінде Иранның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуін Иран мен әлемдік алпауыттар арасындағы ядролық келісімнің рухына қайшы деп атады.

ИИР өзінің зымырандық бағдарламасының толығымен қорғаныстық сипатта екенін, ядролық оқтұмсықты тасымалдау үшін жобаланбағанын, Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзбайтынын және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысы жоқтығын сан рет жариялаған болатын.