БҰҰ Мосул қаласының азат етілетіндігіне алаңдаушылық білдірді
БҰҰ Ирак үкіметінің осы елдің әртүрлі өңірлерінде ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығы мен қылмыстарын тоқтату үшін жасап жатқан талпыныстарын ескерместен, Ирактың солтүстігіндегі Мосулды азат ету амалдарының ықтималды салдарларына қатысты алаңдаушылық білдірді.
БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі дүйсенбі күнгі бір есебінде: «Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулды қайтарып алу үшін атқарылатын амалдардың бұл өңірдің тұрғындары үшін ауыр салдары болады»,-деген уәж айтты.
БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі өз есебінде ДАИШ лаңкестерінің басып алған өңірлерде, соның ішінде Мосулде күн сайын қарапайым ирактықтарды өлтіріп жатқанына тоқталмастан: «Мосулды азат ету амалдары басталысымен өңірдегі жүздеген мың адам баспанасыз қалады»,-деп мәлімдеді.
БҰҰ-ның ДАИШ лаңкестерінің Ирактағы ең маңызды базасы Мосулды азат ету амалдарының салдарына алаңдаушылығы мен ескертуі осы ұйымның көптеген есептері бойынша, 2014 жылы маусым айында Ирак жерінің бір бөлігі ДАИШ тарапынан басып алынған кезден бері айына орташа есеппен алғанда 1000 ирактық осы топтың Ирактағы лаңкестік әрекеттері барысында өлтірілген жағдайда айтылып отыр.
«Спайкер» әуе базасында 1700 студентті жаппай қыру, көне ескерткіштерді қирату, Ирактың мыңдаған қорғансыз баласын соғыс майданында қолдану және оларды лаңкестік әрекеттер жасауға үйрету, изади күрдтерінің 5000 әйелі мен қызын тұтқынға алу – осының барлығы ДАИШ-тың өткен екі жыл ішінде Иракта істеген қылмыстарының бір бөлігі ғана.
Бұған қарамастан БҰҰ-ның осындай қысылтаяң шақта Ирак үкіметі мен армиясының өз халқының тауқыметін жоюға талпыныстарын қолдаудың орнына неліктен АҚШ пен Сауд Арабиясы басшыларын жақтап, Мосулды азат ету амалдарына алаңдаушылық білдіргені белгісіз.
Бұдан бұрын да Ирак армиясы әл-Анбар облысында Фаллуджа қаласын қайтарып алу амалдарын сәтті аяқтағаннан кейін АҚШ, Сауд Арабиясы мен БҰҰ-ның кейбір қайраткерлері осы өңірдің азат етілуінің Ирактағы қауіпсіздік коэффициентін жоғарылатудағы рөліне тоқталмастан, ешбір дәлел-айғақсыз Ирак күштерін Фаллуджаның тұрғындарына қатысты қатыгездік жасады деп айыптаған болатын.
Бұл ұстанымдар Ирак халқы мен басшыларының қатты реакциясына ұшырады. Ал Ирак күштері қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Фаллуджаны азат ету амалдарын сан рет кейінге қалдырған болатын. Фаллуджа азат етілгеннен кейін осы өңірдегі халықтың қуанышы мен алғысының өзі осы уәждерді растайды.
Ирак үкіметі мен халқының тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы он жылдық күрес тәжірибесі көрсеткендей, бұл ел бір үлкен сәттілік қарсаңында тұрғанда оның дамуына қарсылар бұрмалаушы сипаттағы мәселелерді алға тартып, бұл елдің халқын өзінің биік мақсаттарына жетуден алшақтатып келеді.
Ал Ирактың жанашыр қайраткерлері, әсіресе шиіттік дінбасылар дұшпандардың Ирак халқы мен әртүрлі тайпаларына қарсы қастандықтары жайлы сан рет ескертіп: «Шынайы тәуелсіздік пен дамуға қол жеткізудің жалғыз жолы ішкі топтардың бірлігінде, АҚШ пен Сауд Арабиясы сияқты дұшпандардың күрделі де әралуан қастандықтары алдында халықтың қырағылық танытуында жатыр»,-деп айтқан болатын.