Шіл 24, 2016 14:58 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Техас штатындағы атыс салдарынан 4 адам қаза тапты

Техас штатының Бастроп қаласы полиция басқармасының ақпарат өкілі бір тұрғын үй кешенінде орын алған атыс салдарынан 4 адамның қаза тауып, 1 баланың жараланғанын хабарлады.

Техас штатының Бастроп қаласы полиция басқармасының ақпарат өкілі осы оқиғаға күдікті деп танылған адамның сенбі күні атыс барысында қаза тапқанын айтты. Оның айтуынша, жағдай қазір бақылауға алынған. АҚШ-та атыс салдарынан жылына мыңдаған адам қаза болып, жараланады.

Тегтер