Мюнхендегі басқыншы мен ирандықтар қоғамы арасында байланыс жоқ
Германияның Мюнхен қаласындағы Иранның бас консулы: «Германия полициясы басқыншы мен зиялы ирандықтар қоғамы арасында байланыс бар деп санамайды»,-деп баса айтты.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Германияның Мюнхен қаласындағы Иранның бас консулы Абдулла Никунам: «Алдын ала жасалған үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде сенбі күні Мюнхен полициясының басшысы және оның атқарушы директорының орынбасарымен кездесіп, егжей-тегжейлі сөйлестім»,-деп мәлімдеді.
Германияның Мюнхен қаласындағы Иранның бас консулы Германияда ирандықтарға қатысты оң көзқарастың қалыптасып қала беретінін айтып: «Мюнхен полициясы басшысымен кездесу оқиғаның басынан аяғына дейін қалай болғаны мен қылмыскердің жеке мәліметі мен ықтималды мотивтері туралы өрбіді»,-деп баса айтты.
Германия полициясы: «Мюнхендегі қылмыскердің ДАИШ лаңкестік тобына қатысы жоқ»,-деп мәлімдеді.
Жұма күні түстен кейін Германияның Мюнхен қаласында «Олимпия» сауда орталығында болған қанды атыс салдарынан 10 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды.