Зариф Иранның Нигериямен байланысты кеңейту талабын қуаттады
(last modified Mon, 25 Jul 2016 15:48:46 GMT )
Шіл 25, 2016 21:48 Asia/Almaty
  • Зариф Иранның Нигериямен байланысты кеңейту талабын қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Иранның Нигериямен экономикалық байланысты кеңейту мен нығайту үшін талабын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Абуджада Иранмен Нигерияның экономикалық және сауда ынтымақтастықтары отырысында сөйлеген сөзінде: «Екі ел мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК, Қосылмау қозғалысы, Дамушы ислам елдері және Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдарда маңызды да ықпалды рөлге ие бола алады.

Иранның Африкаға аттандырған делегациясы құрамында экономикалық және сауда түрлі бөлімдерінің болуы Теһранның осы құрлықтағы елдермен экономикалық байланысты нығайту мақсатындағы талабын көрсетеді» деді.

Тегтер