Өзбекстанда Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздік мәселелерін қарастыру мақсатында отырыс өтті
(last modified Thu, 28 Jul 2016 18:44:10 GMT )
Шіл 29, 2016 00:44 Asia/Almaty
  • Өзбекстанда Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздік мәселелерін қарастыру мақсатында отырыс өтті

Өзбекстан президенті Ислам Каримов бейсенбі күні елінің оңтүстік шекаралардағы, соның ішінде Ауғанстанмен шекараларындағы жағдайды қарастыру мақсатында қауіпсіздік саласында отырыс өткізді.

Өзбекстан президентінің ақпарат кеңсесі Ислам Каримовтың басшылығымен өткен отырыста шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар осы елдің оңтүстік шекараларындағы қоқан-лоққылар мен мәселелердің тізімінің қарастырылғанын мәлімдеді. «Спутник» хабар агенттігінің Ташкенттен хабарлауы бойынша, қарастырылған тақырыптардың қатарына аймақтағы көршілес елдермен лаңкестікке қарсы серіктестіктерді нығайту да кірген. Отырысқа үкімет қайраткерлері мен елдің қауіпсіздік органдарының басшылары қатысқан. Ауғанстан тақырыбы осы ел талибандармен күреске шырмалғаннан бері Өзбекстанның алаңдаушылықтарының бірі болып келеді. Басқа да экстремистік топтар, соның ішінде тәкфирлік-сионистік лаңкестік ДАИШ тобы да қазір Ауғанстанда белсенділігін арттырып отыр. 

 

Тегтер