Ердоған Америкадан Фетхуллаһ Гүленді Түркияға қайтаруды тағы да талап етті
Түркия президенті тағы да «Hizmet» қозғалысының жетекшісі Фетхуллаһ Гүленді 15- ші шілдедегі әскери төңкеріске қатысы бар деп айыптап, Америкадан оны Түркияға қайтаруды талап етті.
Режеп Тайып Ердоған: «Фетхуллаһ Гүлен бізге қайтарылуы керек, өйткені әскери төңкеріс жасауға талпыныс жасап, біздің елде қантөгістің орын алуына себеп болды» деді.
Түркия президенті сондай- ақ әскери төңкерісті айыптау үшін 7- ші тамызда Ыстамбұлдың «Ени Капи» ауданында ауқымды форум өткізуге мүдделік танытты.
Егер елдегі жағдай қалпына келмесе төтенше жағдайды ұзартатынын қуаттаған Ердоған үкіметтік аппараттарда қызметтен босату әрекетінің жалғасатынын хабарлады.
Анкара қайраткерлері еріксіз жер айдалып, Америкада өмір сүріп жатқан Фетхуллаһ Гүленді Түркияда әскери төңкеріс жасауға ұмтылудың негізгі себепкері деп таныстырды.
Түркия үкіметі соңғы күндері Америкадан «Hizmet» қозғалысының жетекшісін Түркияға қайтаруды бірнеше рет талап етті, бірақ Вашингтон табыс ету заңдарына шолу жасау қажеттігін қуаттап, әзірше Түркияның өтінішін қабылдау үшін шешім қабылдамағанын мәлімдеді.