Ираннан Үндістанға газ экспорттау үдерісі қарастырылды
(last modified Mon, 08 Aug 2016 15:41:39 GMT )
Там 08, 2016 21:41 Asia/Almaty
  • Ираннан Үндістанға газ экспорттау үдерісі қарастырылды

Иранның Газ экспорты ұлттық компаниясының атқарушы директоры Ираннан Үндістанға газ экспорттайтын құбыр жолы жобасының техникалық- экономикалық жағынан қарастырылғанын хабарлады.

Иранның Газ экспорты ұлттық компаниясының атқарушы директоры Әлиреза Камели Үндістанға газ экспорттайтын құбыр жолы жобасына инвестиция салу және оны іске асыруды бір үнді компаниясының мойнына алғанын мәлімдеп: «Осы құбыр жолы 1400 шақырым ұзындыққа ие. Кейбір жерлерде оның тереңдігі 3500 метрге жетеді. Әлемде қазірге дейін осыншама мөлшерде және осындай тереңдікте құбыр қойылмаған.  

Қазіргі кезде үндістандық тарап бірнеше еуропалық әлеуетті компанияның атсалысуымен Үндістанға газ экспорттайтын құбыр жолы жобасын қарастырып, зерттеу жасап, оны іске асыруға болатынын мәлімдеді» деді. Иранның ұлттық мұнай компаниясы Иранның табиғи газын Үнді түбегіне жеткізу үшін үш бағытты қарастырып, зерттеу жүргізген. Соның барысында газ құбырын терең сулар, жағалаудағы таяз сулар мен құрлықтан өткізу мүмкіндігі зерттелді.

Газ қоры мен жағырапиялық орналасуына байланысты Иран аймақ елдерін, соның ішінде Үндістанды газ қажеттіліктерімен қамтамасыз ете алады.

Ираннан Үндістан еліне газ экспорттау жобасы меморандумына Иранның ұлттық мұнай компаниясының атынан Иранның Газ экспорты ұлттық компаниясы мен үндістандық «SAGE» компаниясы арасында терең сулар арқылы Ираннан Үндістанға табиғи газ экспорттау мақсатында 2009 жылы 29- шы қыркүйекте қол қойылды.