Қарабақ дауын шешу үшін үш жақты жаңа топ құрылуы мүмкін
Түркия Сыртқы істер министрі Қарабақ дауын шешуге көмектесу үшін Түркия, Ресей және Әзірбайжан республикасының үш жақты топ құруы мүмкін екендігін хабарлады.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу сәрсенбі күні Түркияның «TRT» телеарнасына берген сұхбатында: «Жүргізілген келіссөздер бойынша Қарабақ дауын шешу үшін Әзірбайжан республикасы, Түркия және Ресейдің қатысуымен үш жақты топ құрылуы мүмкін» деді.
Мевлют Чавушоглу осы топтың қай уақытта құрылатынын және құрылғанының жариялануының егжей-тегжейін айтпады.
Қарабақ дауы 1988 жылы Арменияның Әзірбайжан республикасына қарсы жер дауын қозғауымен басталды.
Осы кикілжіңнің салдарынан Армения күштері Әзірбайжан республикасының Қарабақ аймағы мен оның іргесіндегі жеті қаланы жаулап алды.
1994 жылдың мамыр айында жауласушы тараптар арасында ымыра орнатылды, бірақ Ресей, Франция және Американың бірлесіп басқаруымен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына қарасты Минск тобының халықаралық арағайындығынан әлі нәтиже болмады.