Рухани Иран мен Кубаның өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ынталы екенін қуаттады
Иран Президенті: «Иран мен Кубаның шынайы ерік-жігері жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған»,-деді.
Иран Президенті Хасан Рухани Теһранда Кубаның Президенті Рауль Кастроның арнайы өкілі Рикардо Кабрисаспен кездесуінде: «Латын Америкасындағы Иранмен дос ел ретінде Кубамен қарым-қатынасты кеңейту Иран үшін маңызды. Иран мен Куба қарым-қатынасы денсаулық және биотехнологиямен қоса, барлық салаларда дамуы тиіс»,-деп қуаттады.
Иран Президенті АҚШ-тың әлемдегі тәуелсіз елдерге қарсы экономикалық санкция салу саясатын қате әрі нәтижесіз саясат деп атап: «Әлемнің сауда-экономикалық жүйесінде халықаралық заңдар аясында сауда еркіндігі мен әртүрлі елдер арасындағы экономикалық байланыстар болуы тиіс»,-деп қуаттады.
Кубаның Президенті Рауль Кастроның арнайы өкілі Рикардо Кабрисас та осы кездесуде Руханиге өз елі басшысының жазбаша жолдауын табыс етіп: «Гавана Теһранмен барлық салалар бойынша байланыстарды кеңейтуді қалайды. Осы жолдағы кедергілерді жою байланыстарды тереңдете түседі»,-деді.